«Путин: АҚШ Таяу Шығыс аймағында агрессивті әрекет етуде»

Путин «Ресей шақырады» халықаралық инвестициялық форумына қатысты.

2217283
«Путин: АҚШ Таяу Шығыс аймағында агрессивті әрекет етуде»

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Таяу Шығыста агрессивті әрекет етіп жатқанын айтты. Владимир Путин Ресейде «Банк ВТБ» ұйымдастырған «Ресей шақырады» халықаралық инвестициялық форумына қатысты. Форумда сөз сөйлеген Путин батыстың экономика саласында Ресейге стратегиялық құлдырау әкелмек болғанын, бірақ сәтсіз аяқталғанын айтты. Батыс саясаткерлерінің Ресеймен ынтымақтастық байланыстағы елдерге қысым көрсетіп, бұл елдерді санкциялармен қорқытқанын айтқан Путин «Әлем өзгеруде, бәрі қалағандай емес. Олар (Батыс саясаткерлері) іс-әрекеттерімен көпполярлы әлемдік тәртіптің қалыптасуын жеделдетеді» деді.

АҚШ-тың 47-ші президенті болып сайланған Дональд Трамптың «БРИКС елдері жаңа валюта жасамайтындарын және доллардан бас тартпайтындарын міндеттемесе 100 пайыздық кедендік баж салығы салынады» деген мәлімдемесін талқылаған Ресей басшысы әлем өзгергенін айтты.

Путин «Трамп 4 жыл бойы Ақ Үйде болмады. Осы кезеңде әлемде және Америка экономикасында өзгерістер болды. Трамптың саяси қарсыластары әлемдік резервтік валюта саналатын доллардың іргетасын бұзу үшін көп нәрсе жасады» деді.

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы әрекеттерін талқылаған Владимир Путин «АҚШ Таяу Шығыс аймағында белсенді және агрессивті әрекет етуде. Бұл аймақтағы қарсыласу күштерінің реакциясын тудырады. Экономика мен логистикалық жолдар бұзылуда. Көптеген тасымалдаушы Африканы айналып өтіп, кемелерін жібере бастады» деді.

Батыс елдерімен қарым-қатынастар жақсарады деген үмітпен Путин «бұл сөзсіз процесс» деп баса айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар