«PKK/YPG-нің аймақтағы тұрақсыздықты пайдалануына рұқсат бермейміз»

Бұл туралы Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

2217480
«PKK/YPG-нің аймақтағы тұрақсыздықты пайдалануына рұқсат бермейміз»

Ұлттық Қорғаныс министрлігі Сирияның аумақтық тұтастығы, егемендігі және аймақтық қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретін бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің аймақтағы тұрақсыздықты пайдалануына рұқсат бермейтінін мәлімдеді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі апталық ақпараттық кеңес өткізді.

Кездесуде Сирияның бірлігі мен аумақтық тұтастығы және терроризммен күреске берілген басымдық аясында Алеппо аймағындағы оппозициялық топтардың (Сирия) бастамасымен жүргізілген іс-шаралар мен байланысты оқиғалардың мұқият қадағаланғаны айтылды. «Біздің әскерлер аймақтағы тұрақтылықты сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Аймақтағы әріптестерімізбен тығыз ынтымақтастық пен үйлестіру процесі басынан бастап жалғасуда. Соңғы оқиғалар мен орныққан жағдай оппозицияның талаптары мен режимнің оларды есепке алмауынан ұзақ уақыт бойы шешімін таппаған және Сирияның ішкі динамикасынан туындаған мәселелер. Осы тұрғыда біз Сирияның солтүстігіндегі операция аймағында жасаған келісімдерді орындаймыз және қарсы тараптың да талаптарды орындауын күтеміз. Сирияның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен аймағымыздың қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретін PKK/YPG террор ұйымының аймақтағы тұрақсыздықты пайдалануына жол бермейтінімізді және аймақтағы лаңкестік ұйымдармен күрес мәселесіне қатысты ұстанымымыздың анық екенін тағы бір рет атап өтеміз» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар