Хизбулла оңтүстіктегі әскерлердің бақылауды қолға алуын қабылдағанын растады

Бұл туралы Ливанның ақпарат министрі Зияд әл-Макари мәлімдеді.

2217300
Хизбулла оңтүстіктегі әскерлердің бақылауды қолға алуын қабылдағанын растады

Ливан үкіметі Хизбулланың елдің оңтүстігіндегі әскерлердің бақылауды қолға алуын қабылдағанын растады.

Ливанның ақпарат министрі Зияд әл-Макари Бейрутте Министрлер кеңесінің отырысынан кейін баспасөз мәслихатында сөз сөйледі. «Үкімет сенбі күні елдің оңтүстігіндегі Сур қаласында басқосады» деген  Макари бұл кездесуге Ливан Бас штаб төрағасы Джозеф Аун қатысып,  армияны оңтүстікке орналастыру жоспары туралы ақпарат беретінін айтты.

Макари министрлер кабинетінде Хизбулладан өкіл болған министрлердің оңтүстікте бақылауды армия қолға алғанына қатысты көзқарастарына назар аударды. «Біз армияға сенеміз, ол Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1701-ші қарарын орындауға міндетті. Үкімет те мұны мақұлдайды, басқа амал жоқ» деді.

Хизбулла Бас хатшысы Наим Касым 29 қарашада сөйлеген сөзінде Израильмен атысты тоқтату келісімінің жүзеге асуы үшін Ливан армиясымен үйлестірулердің жоғары деңгейде болатынын айтқан еді. Ливан армиясын «ұлттық армия» ретінде бағалайтындарын білдірген Касым «(Ливанның оңтүстігі) Отанында, біздің отанымызда өз орнын алады» деді.

Ливан мен Израиль арасында жасалған атысты тоқтату келісімі 27 қараша сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 04.00-де күшіне енген болатын.



Ұқсас жаңалықтар