Қарулы топтар Хамаға қарай жылжып келеді

Қақтығыстар жалғасып жатқанда, Ресей соғыс ұшақтары Сирия режимі күштеріне қолдау көрсетуде.

2217374
Қарулы топтар Хамаға қарай жылжып келеді

Сириядағы Башар Асад режиміне қарсы қарулы топтар Хама қаласының орталығына кіре бастады.

27 қарашадан бері Асад режимі күштерімен қақтығысқан Хаят Тахрир әш-Шам ұйымы бастаған режимге қарсы топтар Хама аймағы бағытында ілгерілеуде. Режимге қарсы қарулы топтар қала орталығының шығысындағы Мезариб, Санаи және Арбаин аудандарына кіре бастады.

Қақтығыстар жалғасып жатқанда, Ресей соғыс ұшақтары Сирия режимі күштеріне қолдау көрсетуде.

27 қарашада Сирияның солтүстігіндегі Алеппо уәлаятының  батысында Асад режимі күштері мен режимге қарсы қарулы топтар арасында қақтығыс болды. 28 қарашада Алеппоның орталығына қарай жылдам ілгерілеген қарулы топтар 30 қарашада орталықтың көп бөлігін басып алды.

30 қарашада Хан-Шейхун ауданын басып алып, бүкіл Идлибті бақылауға алған қарулы топтар Хама уалаятында  шабуыл арқылы алға жылжып келеді.

 

Сирия ұлттық армиясының бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-ге қарсы 1 желтоқсан күні Алеппо маңында бастаған «Азаттық таңы» операциясында Тел Рыфат аудан орталығы террордан тазаланды.



Ұқсас жаңалықтар