Газада қаза тапқандар саны 44 мың 580-ге жетті

Бұл туралы Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

2217482
Газада қаза тапқандар саны 44 мың 580-ге жетті

Израиль армиясының 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар саны 44 мың 580-ге артты.

Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің 426 күннен бері Газа секторына жасаған шабуылдары туралы мәлімдеді.

Израиль армиясының соңғы 24 сағатта Газа секторының әртүрлі аймақтарына жасаған «5 қырғында» тағы 48 адамның қаза тапқаны, 201 адамның жараланғаны айтылды.

Израильдің 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторына жасаған шабуылдарында қаза тапқандар санының 44 мың 580-ге, жараланғандар санының 105 мың 739-ға жеткені атап өтілді.

Мәлімдемеде үйінділер астында және жол бойында әлі де өлген адамдардың бар екені, бірақ Израиль күштерінің кедергісі салдарынан медициналық топтар мен азаматтық қорғаныс өкілдерінің мәйіттерге жете алмағаны да айтылды.



Ұқсас жаңалықтар