Бір күнде орта есеппен 2 бала қайтыс болды немесе жарақат алды
ЮНИСЕФ атқарушы директоры Кэтрин Рассел БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Украинадағы балалардың жағдайы туралы айтты.
2022 жылдың ақпан айынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысы салдарынан күн сайын орта есеппен 2 бала қайтыс болды немесе жарақат алды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Балалар қорының (ЮНИСЕФ) атқарушы директоры Кэтрин Рассел БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Украинадағы балалардың жағдайы туралы айтты.
Балалардың қақтығыстарға барған сайын тікелей араласып жатқанын ескерткен Рассел 2024 жылдың алғашқы 9 айында 2023 жылдағыдан да көп бала шығыны тіркелгенін айтты. «2022 жылдың ақпан айынан бері кем дегенде 2,406 бала қайтыс болды немесе жарақат алды, бұл күн сайын орта есеппен 2 бала деген сөз», - деді Рассел.
Мұның соғыстың қорқынышты әсерінің маңызды көрсеткіші екенін айтқан Рассел Украина ішінде 3,6 миллион адамның көшіп кеткенін, 6,7 миллион адамның босқынға айналғанын білдірді.
Рассел «Балаларға қақтығыс, ата-анадан айрылып қалу, мүгедек болып қалу секілді оқиғалар қатты әсер етеді» деп ескертті.
Ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мүшелері мен қақтығыс тараптарын балаларды қорғау үшін дереу қадам басуға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
«SpaceX»-тің зымыран ұшыру сынағы сәтсіз аяқталды
Илон Маск өзінің «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтында оқиғаның видеосын жариялады.