Украина Сыртқы істер министрі қосымша көмек сұрады
Андрий Сибига НАТО-дан қосымша 19 әуе қорғаныс жүйесін сұрады.
Украина Сыртқы істер министрі Андрий Сибига НАТО-дан елінің энергетикалық нысандары мен инфрақұрылымын қорғау үшін "шұғыл түрде" қосымша 19 әуе қорғаныс жүйесін сұрады.
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте мен Сибига Брюссельде өткен НАТО Сыртқы істер министрлері кездесуінің шеңберінде ұйымдастырылған «НАТО-Украина» кеңесінің отырысы алдында мәлімдеме жасады.
НАТО-ның Украинаға қолдау беретінін қайталаған Рютте: "Одақтастардың сіздермен бірге екеніне сенімді болыңыздар," – деді.
Рютте соғыс жүріп жатқан Украинада суық қыс күндерінің де басталғанын атап өтіп, энергетикалық желілер мен инфрақұрылымды қорғау қажеттілігіне назар аударды. Ол "Ресейдің Украинада қысты қару ретінде қолдануына жол бере алмаймыз," – деп мәлімдеді.
Рютте сондай-ақ Украинаға әсіресе әуе қорғаныс жүйелерімен бірге әскери көмекті арттыру қажеттігін атап өтті.
Украина Сыртқы істер министрі Сибига болса елінің болашағы үшін "анықтық" қажет екенін айтып, "Қазір геосаяси анықтық уақыты және бізге бұл анықтық керек. Бізді күшейтетін, қабілетімізді арттыратын күшті шешімдер қажет," – деді.
Сибига Ресейдің елдегі энергетикалық ресурстарды "қару ретінде" қолданғанын айтып, елінің стратегиялық энергетикалық нысандарын және инфрақұрылымдарын қорғау үшін "шұғыл түрде қосымша 19 әуе қорғаныс жүйесіне мұқтаж" екенін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
“Таяу Шығыс қайта қалыптасуда”
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Газа секторы үшін БҰҰ мүше елдерінен қолдау сұрады.