БҰҰ-да екі жоба қабылданды
Израиль-Палестина мәселесін екі мемлекетті шешімі үшін конференция ұйымдастыруға шешім қабылданды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас ассамблеясы Израиль-Палестина мәселесін екі мемлекетті шешімі үшін конференция ұйымдастыруға шешім қабылдады.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясында Түркияның бастамасымен «Екі мемлекетті шешім және Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерісі» қарар жобасы дауысқа салынды. Жобаға 8 қарсы және 7 қалыс дауыс берілді. Шешім 157 дауыспен қабылданды.
Шешімде Израиль-Палестина мәселесіне қатысты тұрақты, әділ және жан-жақты бейбітшіліктің қамтамасыз етілуі және осы тақырыпта жоғары деңгейде конференцияның ұйымдастырылуы талап етілді.
Палестина мәселесін бейбіт жолмен шешу және екі мемлекетті шешімі үшін жоғары деңгейдегі халықаралық конференция 2 маусымда Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында өтеді.
Тағы бір шешім жобасында Израильден Голан төбелерінен кету талап етілді.
БҰҰ Бас ассамблеясында талқыланған жобаға 97 қабыл, 8 қарсы және 64 қалыс дауыс берілді. Шешімде Израильдің 1967 жылдан бері Сирияда басып алған Голан төбелерінен кетпеуінің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясы қарарларына қайшы және атап көрсетілді.
Ұқсас жаңалықтар
Лос-Анджелесте «қызыл жалау» ескертуі жасалды
Қалада өрт қаупіне байланысты «ең жоғарғы деңгейдегі қызыл жалау» ескертуі жарияланды.