Байден Анголада
Джо Байден босқын африкалықтарға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді.
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Джо Байден босқын африкалықтарға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді.
Джо Байден Анголаға сапары аясында кеше астана Луандаға барып жетті.
Луандадағы құлдық мұражайын аралаған соң мәлімдеме жасаған Байден міндеті кезінде Африка құрлығымен ортақ мұраттарға жетуге бағытталған күшті серіктестік құруды мақсат еткенін айтты. Байден өз сөзінде «тарихи құрғақшылық салдарынан қоныс аударған африкалықтар үшін» 1 миллиард доллардан астам гуманитарлық көмек көрсететінін мәлімдеді.
Байден африкалық көшбасшылардың көмектен гөрі өз елдеріне инвестиция күтетінін және АҚШ осы мақсатта Африка елдерімен қарым-қатынасын кеңейтіп жатқанын айтты.
Ангола президенті Жоао Лоуренконы аймақтағы қақтығыстарды шешуде арағайындыққа шақырған Байден сонымен қатар Луренкоға Ресейдің Украинадағы соғысына қарсылығы үшін алғыс айтты.
Үш күндік сапармен Анголада болған Байден осы елге барған алғашқы АҚШ президенті болды.
Ұқсас жаңалықтар
Лос-Анджелесте «қызыл жалау» ескертуі жасалды
Қалада өрт қаупіне байланысты «ең жоғарғы деңгейдегі қызыл жалау» ескертуі жарияланды.