Тель-Авивке рейс тоқтатылды
«Lufthansa» компаниясы Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға байланысты ұшу жоспарын өзгерткенін хабарлады.
2216058
“Eurowings”, «Swiss», «Brussel» және «Austrian Airlines» компанияларына иелік ететін «Lufthansa Group» компаниясы Таяу Шығыстағы оқиғаларға байланысты Израиль астанасы Тель-Авивке рейстерін тоқтатқан болатын. Енді бұл шешім 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін созылды.
«Lufthansa» компаниясы Таяу Шығыстағы соңғы оқиғаларға байланысты ұшу жоспарын өзгерткенін хабарлады. Мәлімдемеде Тель-Авив рейстерінің 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін тоқтатылғаны айтылды. Бұл жағдайдан зардап шеккен жолаушылар кейінірек билетке тегін тапсырыс бере алады немесе билет құнын толығымен қайтара алады.