Ресей Сирияға әуеден шабуылдады
Халеп қаласының орталығында орналасқан Садалла әл-Джабири алаңына Ресей әскери ұшақтары бомбалады.
2215837
Сирияның Халеп қаласының орталығында орналасқан Садалла әл-Джабири алаңына Ресей әскери ұшақтары бомбалады.
Шабуыл барысында қаза тапқан немесе жараланғандар туралы нақты ақпарат жоқ.
Ресей әскери ұшақтарының Халеп Университеті ауруханасына жасаған шабуылы кезінде 9 адам қаза тапқан болатын.
27 қарашада Халеп провинциясының батыс ауылдық аймақтарында режим күштері мен қарулы топтар арасында қақтығыс басталды.
27-28 қарашада Халептің батыс ауылдық аймақтарынан қаланың ортасына қарай жылдам ілгерілеген режимге қарсы қарулы топтар 30 қарашада бұл аймақтың үлкен бөлігін басып алды.
30 қарашада қарулы топтар Хан Шейхун ауданын да басып алып, Идлиб провинциясының барлығында үстемдік орнатты.