Ирландияда ерте жалпы сайлау өтеді
Премьер-министр Саймон Харристің коалициялық үкіметті мерзімінен бұрын таратуына байланысты Ирландия ерте жалпы сайлау өткізеді.
Ирландия халқы Премьер-министр Саймон Харристің коалициялық үкіметті мерзімінен бұрын таратуына байланысты сандыққа қайтадан жүгінеді.
Жергілікті уақыт бойынша дауыс беру таңғы 07:00-де басталып, кешкі 22:00-де аяқталады.
Тіркелген 3,4 миллионға жуық сайлаушының дауыс беруі нәтижесінде 174 депутат 5 жыл мерзімге Ирландия Парламентінің төменгі палатасы Дэйлге сайланады.
Сайлауда басты үш саяси партия бақ сынауда:
Премьер-министр Саймон Харрис басқаратын орталық-оңшыл Файн Гаел.
Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер және қорғаныс министрі Мишель Мартин жетекшілік ететін орталық-оңшыл Фианна Феил.
Мэри Лу Макдональд басқаратын оппозициялық партия Син Фейн.
Сонымен қатар сайлауға Жасылдар партиясы, тәуелсіз кандидаттар және басқа да шағын партиялар қатысуда.
Соңғы сауалнамалар тәуелсіз кандидаттардың шамамен 20% дауыс жинағанымен шағын партиялардың 5%-дан жоғары нәтиже көрсете алмағанын хабарлайды. Үш ірі партияның дауыс үлесі өте жақын болатыны туралы болжам бар, бұл коалициялық үкімет құру қажеттігін көрсетеді.
Сайлау нәтижелері Ирландияның саяси тепе-теңдігінің қалай қалыптасатынын айқындайтын маңызды көрсеткіш болмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Байден Анголада
Джо Байден босқын африкалықтарға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді.