Джо Байден Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылын айыптады

Бұл туралы Ақ Үй мәлімдеді.

2215232
Джо Байден Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылын айыптады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден Украинаны қолдайтынын айтып, Ресейдің осы елге жасаған әуе шабуылын айыптады. Ақ Үйден жасаған мәлімдемеге қарағанда Джо Байден Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылын «таңғаларлық жағдай» деп айыптады. АҚШ-тың Украинаға қолдауын еске салған Байден «АҚШ 50-ден астам елмен Украинаға және оның азаттық күресіне қолдау көрсетуде» деді.

Байден Ресейдің әуе шабуылы салдарынан көптеген украиналық жарықсыз қалғанын айтып, АҚШ үкіметінің қыс мезгіліне дайындық кезінде Украинаға энергия желісінің беріктігін арттыруға көмектесу үшін жұмыстанып жатқанын атап өтті.

Кеше Ресей Украинаның Винница қаласына зымыранмен шабуыл жасап, азаматтық инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келтірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар