Жосеп Боррель: «Балаларға және олардың болашағына қарсы соғыс»

Боррель Иордания университетіндегі іс-шарада Израиль геноциді туралы мәлімдеді.

2212200
Жосеп Боррель:  «Балаларға және олардың болашағына қарсы соғыс»

Еуропа Одағының (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Жозеп Боррель Газада құрбан болғандардың көбі балалар екенін айтты.

Иордания университетінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Жосеп Боррельге халықаралық саясаттағы рөлі үшін құрметті доктор атағы берілді.

Рәсімде сөз сөйлеген Боррелль Израильдің Газадағы шабуылдарына назар аударып, «балаларға және олардың болашағына қарсы соғыс»  деп сипаттады.

Боррель «Газадағы құрбандардың көпшілігінің балалар екені үлкен қайғы» деді. Боррелль халықаралық адам құқықтары өрескел тапталып,  күн сайын ондаған баланың қаза табатынын айтты.

Бейбітшілікті орнату үшін заңсыз басып алулар, қырғындар мен жазықсыз адамдарға қолданылған аштық саясатының тоқтатылуы керектігін айтқан Боррелль бұл тұрғыда жан-жақты және бейтарап тергеудің өте маңызды екеніне назар аударды.

Джозеп Боррелль сондай-ақ сепаратизммен күресуге және поляризацияланған әлемде түсіністік көпірлерін құруға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар