Италияда медицина қызметкерлері ереуіл бастады

Италияда медицина қызметкерлері ел бойынша 24 сағаттық ереуіл бастады.

2212348
Италияда медицина қызметкерлері ереуіл бастады

Италияда медицина қызметкерлері ел бойынша 24 сағаттық ереуіл бастады.

 

Ұлттық басылымдардың хабарлауынша кәсіподақтар мен кәсіби ұйымдардың бастамасымен дәрігерлер мен медбикелер 2025 жылғы бюджетте денсаулық сақтау саласына аз қаржы бөлінгенін айыптады. Үкіметке наразылық білдіру және ауруханалардағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігінің жеткіліксіздігіне қарсы тұру мақсатында бір күндік жұмыс тоқтату шарасын өткізілді.

 

Кәсіподақтар ереуілге қатысу деңгейі шамамен 85 пайыз болғанын мәлімдеді.

 

Ереуіл барысында шұғыл жағдайдағы пациенттер үшін қызмет қамтамасыз етілді, алайда шұғыл емес 15 мыңнан астам операция мен 100 мың тексерудің кейінге қалдырылу қаупі бар екені айтылды.

 

Ереуілге байланысты 500-ден астам медицина қызметкері Рим қаласының Апостоли алаңында митинг өткізді.

 

Медицина қызметкерлеріне көбірек құрмет көрсетуді талап еткен топ мүшелері «Құрмет» жазылған плакаттар ұстап шықты. Қатысушылар денсаулық сақтау саласындағы қаржы тапшылығына да наразылық білдірді.

 

Ал премьер-министр Джорджия Мелони өз үкіметінің ұлттық денсаулық сақтау қызметіне бұрын-соңды болмаған көлемде қаржы бөлгенін алға тартуда.



Ұқсас жаңалықтар