Грузияда наразылық жалғасуда
Шерушілер көшеде түнеп жүр.

Грузияда 26 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижесін қабылдамаған оппозиция шерулерін жалғастыруда.
Биліктегі «Грузин арманы» партиясы жеңіске жеткен парламенттік сайлаудың бұрмаланғанын алға тартқан шерушілер сайлауды қайта өткізуді талап етіп отыр.
Ел астанасы Тбилисидің адам ең көп жүретін көшелерінің бірін жабылды. Шерушілер күн салқындағандықтан түні бойы от жағып, шатырда түнеді.
«Өзгеріс үшін коалиция» жетекшілерінің бірі Ника Гварамия таңертеңгі мәлімдемеде шерудің қиын шарттарға қарамастан жалғасатынын айтты.
Гварамия шатырлардағы шерушілерге ыстық тамақ, сусын, көрпе-төсек әкелгендердің барлығына алғысын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

Украинаның НАТО-ға мүшелігі: Дания өзгеше пікірде
Дания Украинаның НАТО-ға мүшелігі мәселесінде Америка Құрама Штаттарынан өзгеше пікірде.