Қарттар үйінде өрт шықты

Сарагоса қаласындағы қарттар үйінде шыққан өртте 10 адам қаза тапты.

2210479
Қарттар үйінде өрт шықты

Испанияның солтүстік-шығысындағы Сарагоса қаласындағы қарттар үйінде шыққан өртте 10 адам қаза тапты.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 05:00-де Вильяфранка де Эбро ауданындағы «Жардин де Вильяфранка» деп аталатын қарттар үйінде өрт шықты. Өрт орнына дереу жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметі, жандармерия, азаматтық көмек топтары мен психологтар жіберіліп, төңіректегі ауруханалар жаралыларды қабылдады.

Өрт кезінде қарттар үйінде 82 адам болғанын мәлімдеген құзырлы органдар алғашқы мәліметтер бойынша 10 адам қаза тауып, 1 адам ауыр жарақат алғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар