Үндістанда ауа ластануы қауіпті деңгейге жетті

Жаңа Делиде ауа ластануы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының күнделікті қауіпсіздік шегінен 50 есе асып, қауіпті деңгейге жетті.

2210003
Үндістанда ауа ластануы қауіпті деңгейге жетті

Үндістан астанасы Жаңа Делиде ауа ластануы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының күнделікті қауіпсіздік шегінен 50 есе асып, қауіпті деңгейге жетті.

Қазаннан қаңтарға дейін созылатын суық ауа мен баяу желдер ластаушы заттардың ауада қалып қоюына себеп болады.

PM2.5 (диаметрі 2,5 микрометрден кіші ұсақ бөлшектер) деңгейі бір текше метрге 806 микрограмм болып өлшенген.

Ауылшаруашылық алқаптарын өртеу, өндіріс орындары мен көлік шығарындылары ластанудың негізгі себептері арасында болса, Делидегі қоқыс өртеу зауыттарынан бөлінетін улы газдар да қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіруде.

Ауа ластануы денсаулыққа зиян келтіріп, әсіресе балалар мен қарт адамдар үшін аса қауіпті болады. Өткен жылы Үндістанда 1,67 миллион ерте өлім тіркелген.

Үкімет қабылдаған шаралар жеткіліксіз болып, ауа ластануымен күресуге ұсынылған шешімдер уақытша деп бағалануда.



Ұқсас жаңалықтар