АҚШ пен Украина Қорғаныс министрлері сөйлесті
АҚШ-тың Украинаға көрсетіп жатқан қолдауы талқыланды.
2209817
АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Украина Қорғаныс министрі Рүстем Умеровпен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-тың Украинаға көрсетіп жатқан қолдауы туралы талқылады.
Пентагонның мәлімдемесіне сәйкес Остин Умеровпен Украина мен Ресей арасындағы соғыс жайлы ақпарат алмасып, Джо Байден әкімшілігінің Украинаға қорғаныс көмегін арттыруға деген міндеттемесін қайталады. Сондай-ақ олар Солтүстік Корея әскерлерінің Ресей жағында Украинаға қарсы соғысқа қатысуы мәселесін талқылап, тығыз байланыста болуды жалғастыруға ниетті екендерін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Мосул губернаторы Анадолы агенттігіне сұқбат берді
Абдулкадир ед-Дехил «Мосулдың дамуында Түркияның үлкен рөл атқарғанын қалаймыз» деді.