Соғыс басталғалы бері Украинада 589 бала қаза тапты

Украина Бас прокуратурасы Ресей-Украина соғысы басталғалы бері елде соғыс салдарынан 589 баланың қаза тапқанын хабарлады.

2209462
Соғыс басталғалы бері Украинада 589 бала қаза тапты

Украина Бас прокуратурасы Ресей-Украина соғысы басталғалы бері елде соғыс салдарынан 589 баланың қаза тапқанын хабарлады.

 

Украина Бас прокуратурасының «Telegram» желісіндегі арнасында жасаған мәлімдемеде Украинада соғыс салдарынан қаза тапқан және жарақат алған балалар туралы ақпарат берілді.

 

Мәлімдемеде Ресей-Украина соғысы басталғалы бері Ресейдің шабуылдары нәтижесінде Украинада 589 баланың қаза тауып, 1681-ден астам баланың жарақат алғаны хабарланды.

 

Днепропетровск облысы әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Лысак та әлеуметтік желідегі аккаунтында Ресейдің Украинаның Кривой Рог қаласына жасаған зымыран шабуылынан кейін іздестіру-құтқару жұмыстарын бүгінге дейін жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

 

Лысак бүгін алынған мәліметтер бойынша бір үйдің қирандыларынан әйел мен үш баланың мүрделері табылғанын атап өтті.

Украина Президенті Владимир Зеленский шабуылға қатысты мәлімдеме жасап, Ресейдің соғысты жалғастыруды көздейтінін айтып,  «Бұл шабуылдар Ресейдің дипломатияға қатысты айтқан барлық мәлімдемелерін жоққа шығарады», – деді.



Ұқсас жаңалықтар