Колумбияда 46 мың отбасы зардап шекті

Елде болған нөсер жауыннан 46 мың отбасы зардап шекті.

2209442
Колумбияда 46 мың отбасы зардап шекті

Колумбия Президенті Густаво Петрo ел аумағында жауын-шашынның салдарынан болған су тасқыны мен көшкіндерге байланысты «Ұлттық апат жариялау» туралы хабарлады.

 

Ел астанасы Боготада Ұлттық біріккен басқару орталығында тиісті органдардың өкілдерімен кездескен Петрo су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жедел көмек көрсету мақсатында Ұлттық апат жариялағанын айтты.

 

Петрo климаттық өзгерістерден туындаған мәселелермен күресіп жатқанын және елдің көптеген аймағында су тасқының салдарының ауыр болғанын мәлімдеді.

 

Ұлттық тәуекелдерді басқару бірлігі  жасаған мәлімдемеге сәйкес нөсер жауыннан 46 мың отбасы зардап шекті және Ла-Гуахира, Уила, Чоко, Норте-де-Сантандер мен Каука аймақтарында төтенше жағдай жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар