Беларусь BRICS-ке қосылды
Беларусь Сыртқы істер министрлігі елдің ресми түрде BRICS серіктесі екенін хабарлады.
Беларусь Сыртқы істер министрлігі елдің ресми түрде BRICS серіктесі екенін хабарлады.
Министрліктің жазбаша мәлімдемесінде Беларусь Президенті Александр Лукашенконың Ресей Президенті Владимир Путинге Беларусьтің BRICS-ке серіктес ретінде қосылу үшін 5 қарашада ресми хатқа қол қойғаны айтылған.
Беларусь Сыртқы істер министрі Максим Риженковтың Ресейдің Беларусьтегі елшісі Борис Грызловты қабылдау барысында хатты тапсырғаны атап өтілген мәлімдемеде:
«Жазбаша шақыруға ресми жауап беру – мүшелік мемлекеттер тарапынан қабылданған серіктестік мәртебесін алу рәсімінің міндетті құрамдас бөлігі. Сол сәттен бастап ел ресми түрде BRICS серіктесі ретінде танылады», – делінген.
Мәлімдемеде Беларусь Президенті Лукашенко қол қойған хаттың мазмұны да берілген.
Лукашенко BRICS ұйымы құрылғалы бері көпжақты өзара әрекетті тұрақты түрде нығайтқанының тек нышаны ғана емес, сондай-ақ көп полюсті әлемнің негізгі тіректерінің бірі болғанын атап өтіп, «Тек мүше елдер ғана емес, бүкіл әлем осы бірлестікпен әділ әлемдік тәртіпке деген үмітті байланыстырады. Өзара құрмет пен теңдік рухы, мақсаттарының тартымдылығы, міндетті түрде бұл ұйымының кеңеюіне әкелуде», – деді.
Лукашенко Беларусьтің BRICS-ке серіктес ретінде қосылуының Ресейдің төрағалығымен ресми түрде жүзеге асуына қуаныш білдірді.
Министрлік Беларусьтің BRICS талаптарына және стандарттарына сәйкес келетінін және BRICS серіктес елдер моделі бойынша жетекші принциптерді ұстануды қабылдағанын хабарлады.