Исиба Сигэру қайта сайланды
Исиба Сигэру қайтадан Жапонияның премьер-министрі болып сайланды.
Жапонияның Либералды Демократиялық Партиясының лидері Исиба Сигэру 27 қазан күні өткен ерте жалпы сайлаудан кейін елдің ұлттық парламентінде қайтадан премьер-министр болып сайланды.
Сайлаудан бұрын Исиба бастаған үкімет таңертеңгі уақытта отставкаға кеткен болатын.
Ұлттық парламентте өткізілген премьер-министр сайлауының алғашқы турында ешбір кандидат қажетті 233 дауысқа жете алмады.
Екінші турда Исиба мен негізгі оппозициялық партия Конституциялық Демократиялық Партиясының лидері Нода Ёсихико бәсекеге түсті.
Сайлау нәтижесінде Исиба 221 дауыс жинап, ресми түрде Жапонияның 103-ші премьер-министрі болып сайланды. 2011-2012 жылдары премьер-министр болған Нода 160 дауыс алды.
27 қазан күнгі сайлау нәтижелері негізінде Исибаның азшылық үкіметін құратыны болжануда.
Жаңа Исиба кабинеті Жапония императоры Нарухитоның қабылдауынан кейін өз жұмысын бастайды.
Ұқсас жаңалықтар
Мосул губернаторы Анадолы агенттігіне сұқбат берді
Абдулкадир ед-Дехил «Мосулдың дамуында Түркияның үлкен рөл атқарғанын қалаймыз» деді.