БҰҰ Климат Саммиті Бакуде өтеді

29-шы Тараптар конференциясы 12 күнге жалғасады.

2209068
БҰҰ Климат Саммиті Бакуде өтеді

11-22 қараша аралығында Әзербайжанның астанасы Бакуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясының 29-шы Тараптар конференциясы (COP29) өтеді.

12 күнге созылатын конференцияның алғашқы екі күнінде Мемлекет басшыларының саммиті өтеді.

100-ден астам елдің өкілдері қатысатын саммитке Президент Режеп Тайып Ердоған да қатысады.

Мемлекет басшылары қатысатын жоғары деңгейдегі саммитке әлемді ең көп ластайтын және жаһандық жылынуға жауапты екі елдің мемлекет басшысы атап айтқанда АҚШ пен Қытайдың басшылары қатыспайды.

«COP29» күн тәртібінің негізгі тармағы климаттың өзгеруімен күресу үшін қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету болады.

Қатысушылар сонымен қатар жаңартылатын энергия қуаты мен энергия тиімділігін зерттеу мәселелерін талқылайды.

Шарада Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанның бастамасымен қолға алынған «Нөлдік қалдық» жобасы үшін де стенд ашылады.

Стендте қалдықтарды басқару, қайта өңдеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалар таныстырылады.



Ұқсас жаңалықтар