Украинаның Запорожье қаласына шабуыл жасалды
Ресей әскерінің Запорожье қаласына жасаған зымыран шабуылында 4 адамның қаза тауып, 2-і бала 33 адамның жарақат алғаны хабарланды.
Ресей әскерінің Украинадағы Запорожье қаласына жасаған зымыран шабуылында 4 адам қаза тауып, 33 адам жарақат алды.
Украина Президенті Владимир Зеленский «X» аккаунтында жасаған мәлімдемесінде Ресей әскерінің Украинадағы Запорожье қаласына зымыран шабуылын жасағанын мәлімдеді.
Шабуылда тұрғын үйлер мен көпқабатты ғимараттардың нысанаға алынғанын айтқан Зеленский: «Онкология ауруханасының ғимараты зақымданды. Құтқарушылар адамдарды қирандылар астынан іздестіріп жатыр.», -деп мәлімдеді.
Зеленский осындай шабуылдардың салдарынан Ресеймен келіссөз жүргізу мүмкіндігінің де «толығымен жойылғанын» алға тартты. Ресейдің шабуылдарын тоқтату қажеттілігін атап өткен Зеленский Украинаға ұзақ қашықтыққа жететін қаруларды қолдану мүмкіндігін арттыру керектігін мәлімдеді.
Украина Төтенше жағдайлар қызметінен жасалған мәлімдемеде Ресей әскерінің Запорожье қаласына жасаған зымыран шабуылында 4 адамның қаза тауып, 2-і бала 33 адамның жарақат алғаны хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар
Израильдің шабуылдарында қаза тапқандар саны артты
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің шабуылдары туралы ақпарат берді.
Путин Башар Асад пен отбасына саяси баспана берді
Бұл туралы Ресей президенттік сарайының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.