«Трамптың соғысты тоқтатуын күтеміз»
Президент Ердоған елге қайтар жолда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Дональд Трамптың Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенттігі Таяу Шығыстағы саяси және әскери теңгерімдерге елеулі әсер ететінін мәлімдеді.
Президент Ердоған Қырғызстан мен Венгрияға сапарынан кейін елге қайтар жолда ұшақта журналистердің сұрақтарына жауап берді.
5 қарашадағы сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін Дональд Трамппен телефонмен жылы сөйлескендерін айтқан Ердоған: "Сайлау процесін және Түркия-АҚШ ынтымақтастығын талқыладық. Трамп алдағы кезеңге қатысты Түркия туралы жақсы пікірлер айтты. Оны елімізге шақырдық. Шақыруымызға жауап беретініне үміттенемін", — деді.
"Палестина мәселесі және Ресей-Украина дағдарысы сияқты көптеген сынақпен бетпе-бет тұрмыз", - деген Президент Ердоған "Түркия-АҚШ ынтымақтастығымен бұны жеңу мүмкін. Палестина мен Ливандағы Израильдің агрессиясын тоқтату үшін Трамп мырзаның Израильге берілетін қару-жарақ көмегін тоқтатуы жақсы бастама болады. Трамптың Израиль тарапынан басталған осы қақтығыстарды тоқтату туралы уәделері бар. Біз сол уәденің орындалуын және Израильге «тоқта» деп айтылуын қалаймыз. Трамп кезеңінде мәселеге шешу тұрғысынан қарайтын АҚШ билігі болса, біз бұл соғысты (Ресей-Украина) оңай аяқтай алатын едік", — деп мәлімдеді.
Түркия-Еуропалық Одақ қарым-қатынастарына да баға берген Президент Ердоған ЕО-мен саяси кедергілерге тап болмай, тең шарттарда қарым-қатынас орнатуды қолдайтынын атап өтіп, "ЕО-дан (кандидаттық кезеңде) жоғалған уақытты теңгеретін көзқарас күтеміз", — деді.
Ұқсас жаңалықтар
Израильдің шабуылдарында қаза тапқандар саны артты
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің шабуылдары туралы ақпарат берді.
Путин Башар Асад пен отбасына саяси баспана берді
Бұл туралы Ресей президенттік сарайының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.