Хизбулла Израильдің әскери әуе базасын зымыранмен нысанаға алды

Бұл туралы Хизбулла «Telegram» аккаунтында мәлімдеме жариялады.

2208208
Хизбулла Израильдің әскери әуе базасын зымыранмен нысанаға алды

Ливандағы Хизбулла ұйымы Израильдің Хайфа қаласындағы Стелла-Марис әскери-теңіз базасы мен Рамат-Дэвид әскери әуе базасын зымыранмен нысанаға алды.

Хизбулланың «Telegram» аккаунтында Израильдің солтүстігіне жасалған шабуылдар туралы ақпарат берілді. Мәлімдемеде Хайфа қаласының солтүстігінде орналасқан және солтүстік жағалауды бақылауда стратегиялық маңызы бар Стелла Марис әскери-теңіз базасы мен Хайфа қаласының оңтүстік-шығысындағы Рамат-Дэвид әскери әуе базасы нысанаға алынғаны айтылған.

Хизбулла қолданған зымыран түрі туралы мәлімдеме жасаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар