БҰҰ Бас хатшысы климаттық апат туралы сөз сөйледі
Антониу Гутерриш климаттық апатты болдырмау үшін дереу әрекет ету қажет екендігі туралы ескерту жасады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш климаттық апатты болдырмау үшін дереу әрекет ету қажет екендігі туралы ескерту жасады.
Гутерриш Әзербайжанда өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының 2024 жылғы Климаттық өзгерістер конференциясы алдында британдық «The Guardian» газетіне сұхбат берді.
Жаһандық температураның артуынан адамзаттың Амазонканың тропикалық ормандары мен Гренландия мұздықтарының жойылуы сияқты қайтымсыз нүктеге жақындап келе жатқанын айтып, климаттық хаосқа қарсы әрекет ету қажеттігіне тоқталды. Ол үкіметтердің жаһандық жылынуды шектеу үшін парниктік газдардың эмиссиясын едәуір төмендетуі қажет екенін айтты.
Гутерриш 21-ғасырдағы өзара байланысты экологиялық дағдарыстарға қатысты көбірек үйлесімді жұмыс істеуге шақырып, ормандарды және басқа табиғи көмірқышқыл газдарын жинақтайтын экожүйелерді қорғау мақсатымен биоәртүрліліктің жоғалуы бойынша әрекет етпей тұрып жаһандық жылынумен күресудің мүмкін емес екенін мәлімдеді.
Әлемнің әлі де климаттық қауіптерді елемей тұрғанын және климаттың өзгеруі әсерлерінің айтарлықтай үлкен қаупімен бетпе-бет екенін айтқан Гутерриш:
"Міндетті түрде қазір әрекет ету керек. Эмиссияларды міндетті түрде азайту қажет", - деді.
Гутерриш үкіметтерді қазба отындарды толығымен жою туралы шешім қабылдауға шақырып, "2030 жылға дейін жыл сайын (қазба отынды) 9%-ға азайтуымыз керек. Өкінішке орай өткен жылы бұл көрсеткіш 1,3%-ға өсті", -деді.
Жаһандық жылынудың 1,5 градусқа дейін шектелуінің әлі де мүмкін екеніне сенетінін, бірақ әлемнің алдағы жылдары бұл шекті асыратынын айтқан Гутерриш: "1,5 градус әлі де мүмкін деп сенемін. Технологиялық даму, жаңартылатын энергия көздері мен басқа да жаңалықтар саяси ерік болған жағдайда бұл көрсеткішті 1,5 градусқа жеткізуге болатынын көрсетеді", — деп қорытындылады.
Ұқсас жаңалықтар
Мосул губернаторы Анадолы агенттігіне сұқбат берді
Абдулкадир ед-Дехил «Мосулдың дамуында Түркияның үлкен рөл атқарғанын қалаймыз» деді.