Байден Трампты құттықтады
Байден "20 қаңтарда өз міндетімді тапсырамын" деді.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден Дональд Трампқа телефон шалып, оны президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Мен президент ретіндегі міндетімді орындаймын, антыма адал боламын және конституцияға сәйкес әрекет етемін» деді ол. Байден "20 қаңтарда өз міндетімді тапсырамын" деді.
5 қарашада өткен президенттік сайлау нәтижелеріне берген алғашқы бағасында Джо Байден елдегі сайлаудың бейбіт және тыныш өткенін, сайлау жүйесінің дұрыс жұмыс істеп жатқанын баса айтты.
Кеше Трампты сайлаудағы жеңісімен құттықтау үшін телефон шалғанын атап өткен Байден "Мен сайланған президент Трамппен сөйлестім және оны жеңісімен құттықтадым” деді.
Байден "Мен президент ретіндегі міндетімді орындаймын, антыма адалмын және конституцияға сәйкес әрекет етемін. 20 қаңтарда осы жерде өз міндетімді бейбіт түрде тапсырамын" деді.
Демократиялық партияның кандидаты Камала Харристің сайлау науқанын сәтті жүргізгенін айтқан Джо Байден Америка халқының бір шешім қабылдағанын және осы шешімге сәйкес әрекет ететінін білдірді.
Байден шамамен 2,5 айдан кейін қызметін тапсыратынын және қалған президенттік кезінде қолынан келгеннің бәрін жасайтынын атап көрсетті.
Трамп 2025 жылдың 20 қаңтарында ресми түрде ант береді.
Ұқсас жаңалықтар

Израиль әскері Фариа босқындар лагерінен шегінді
Израиль әскері Батыс Шериядағы Тубас қаласындағы Фариа босқындар лагерінен 11 күннен кейін шегінді.

Аргентинада 37 мың гектар жер күлге айналды
Аргентинадағы Патагония аймағында орман өртінен 37 мың гектар жер күлге айналды.