Қытай басшысы Трампты бейбітшілікке шақырды

Си Цзиньпин тіл табысудың дұрыс жолын табуы керектігін баса айтты.

2207817
Қытай басшысы Трампты бейбітшілікке шақырды

Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) 47-ші президенті болып сайланған Дональд Трампқа жолдаған құттықтауында «екі ел арасындағы келіспеушіліктерді дұрыс басқаруға» және бейбіт өмір сүруге шақырды.

 

Қытай Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда, Си өз жолдауында екі елдің әрі өздері үшін, әрі әлемнің қалған бөлігінің игілігі үшін тіл табысудың дұрыс жолын табуы керектігін баса айтты.

 

Қытай мен Америка Құрама Штаттарының ынтымақтастықтан ұтатынын және текетірестен зардап шегетінін тарихтың көп жағдайда дәлелдегеніне тоқталған Си Цзиньпин “Қытай мен АҚШ өзара құрмет, бейбітшілік қағидаттары негізінде диалог пен байланысты күшейтеді деп үміттенемін” деді.

 

Си Цзиньпин Қытай мен АҚШ арасында берік және тұрақты қарым-қатынас екі елдің мүддесіне сай болатынын айтып, халықаралық қауымдастықтың үмітіне назар аударды.

 

Сонымен бірге Қытай вице-президенті Хан Чинг те АҚШ-тың жаңадан сайланған вице-президенті Д. Ж. Вэнске құттықтау жолдады.



Ұқсас жаңалықтар