«TikTok» қосымшасына шағым
Францияда 7 отбасы қытайлық «TikTok» қосымшасын сотқа берді.
Францияда 7 отбасы қытайлық «TikTok» әлеуметтік медиа платформасын балаларын зиянды контентке ұшыратты деп айыптап, сотқа берді.
Ұлттық баспасөздегі жаңалықтарға сәйкес, француз отбасылары «TikTok»-қа қарсы сотқа шағым түсіріп, бүкіл әлем бойынша шамамен 1,6 миллиард пайдаланушысы бар платформаның алгоритмі «балаларды өздеріне зиян келтіруге және суицид пен тамақтанудың бұзылуына итермелейтін контент ұсынды» деп мәлімдеді.
Шағымданушылардың арасында қыздары суицид жасаған екі отбасы, сондай-ақ «TikTok» контенттерінен кейін балалары өз-өзіне қол жұмсамақ болған деп мәлімдеген төрт отбасы бар.
Әлеуметтік желі платформасына шағымданған тағы бір отбасы қосымшаға байланысты баласының тамақтануы бұзылғанынан шағымданған.
Иордания, Үндістан, Ауғанстан, Иран, Пәкістан және Тайвань түрлі себептермен «TikTok»-қа тыйым салса, Австралия, Канада, Англия және Жаңа Зеландия сияқты елдер қосымшаны мемлекеттік мекемелердегі компьютерлер мен құрылғыларда пайдалануға тыйым салды.
Ұқсас жаңалықтар
Мосул губернаторы Анадолы агенттігіне сұқбат берді
Абдулкадир ед-Дехил «Мосулдың дамуында Түркияның үлкен рөл атқарғанын қалаймыз» деді.