Молдованың жаңа Президенті – Майя Санду

Майя Санду 55,33 пайыз дауыс жинады.

2206881
Молдованың жаңа Президенті – Майя Санду

Молдовада батысшыл көзқарастағы Президент Майя Санду төрт жылдан кейін өткен сайлауда қайтадан жеңіске жетіп, өз орнын сақтап қалды.

Биліктегі Әрекет және Ынтымақтастық партиясынан Санду мен Молдавия Социалистік партиясының кандидаты гагауз түркі Александр Стояногло бәсекеге түскен сайлау нәтижесі анықталды.

Төрт жыл бұрын тұңғыш әйел Президент болып сайланған Санду бұл жолы сайлауда 55,33 пайыз дауыспен жеңімпаз атанды. Алдыңғы сайлауда болғандай Санду үшін көп дауысты шетелде тұратын Молдова азаматтары берді.

Сандудың бәсекелесі, ресейшіл Стояногло ел ішінде Сандуға қарағанда көбірек дауыс жинады. Бірақ шетелден 44,67 пайыз дауыс алып, сайлау додасында жеңіліп қалды.

Батысшыл көзқарасымен көзге түскен және Еуропалық Одақпен (ЕО) жақындасу саясатын ұстанатын Санду билігіндегі Молдова ЕО-мен келіссөздерді «үміткер ел» мәртебесін алу арқылы бастады.

Молдовада шетелде тұратындармен бірге шамамен 3 миллион 302 сайлаушы бар. Олардың 54,34 пайызы президенттік сайлаудың екінші кезеңіне қатысты.

Соңғы ресми нәтиже 3 күн ішінде жарияланады. Сайлауда көп дауыс жинаған үміткер 45 күн ішінде ант беріп, президенттік қызметіне кіріседі.

Сонымен қатар Санду 20 қазанда өткен президенттік сайлаудың бірінші кезеңімен бір күнде ЕО-ға қосылу үшін конституцияға өзгерістер енгізу туралы референдумды ұйымдастырды. Бұл референдумда азаматтардың 50,35 пайызы конституцияға өзгерістер енгізуге «иә», 49,65 пайызы «жоқ» деп дауыс берді.



Ұқсас жаңалықтар