Гаитиде 3900 адам қаза тапты

Гаитиде 2024 жылдың басынан бері қарулы топтардың шабуылдары салдарынан 3900 адам қаза тапқан.

2206717
Гаитиде 3900 адам қаза тапты

Біріккен Ұлттар Ұйымының Гаитидегі Біріктірілген кеңсесінің мәліметтері бойынша 2024 жылдың басынан бері қарулы топтардың шабуылдары салдарынан 3900 адам қаза тапқан. Бұл өлімдердің 1374-і соңғы алты айда болған.

 

БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы әлеуметтік желідегі «X» платформасында Гаитидегі жағдай туралы жазбамен бөлісті.

Хабарламада «Гаитиде 700 мыңнан астам адам босқынға айналды. Бұл адамдардың басым бөлігі зорлық-зомбылықтың күшеюіне байланысты үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.» деп айтылып, елдегі әрбір адамның қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа шақыру жасалды.

 

Гаити көптеген жыл бойы саяси, экономикалық және қауіпсіздік мәселелерімен күресіп келеді. 11 миллионнан астам халқы бар елге ашаршылық қаупі төніп тұр.

Ел астанасы Порт-о-Пренстің шамамен 80 пайызы қарулы топтардың бақылауында болған Гаитиде зорлық-зомбылық оқиғалары күн санап артып келеді.



Ұқсас жаңалықтар