«Украиндарға қажет болғанша көмек көрсетеміз»

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок соғыс басталғаннан бері Украинаға 8-ші рет сапармен барды.

2206238
«Украиндарға қажет болғанша көмек көрсетеміз»

Германия Сыртқы істер министрі Анналена Бербок әлемнің көптеген елімен бірге Украинаның жанында екенін және бұл қолдаудың жалғасатынын тағы бір рет қайталады.

 

Украинаның астанасы Киевке ынтымақтастық сапарымен барған Бербок «Германия дүние жүзіндегі көптеген серіктесімен бірге Украинаның жанында. «Біз украиндардың әділ бейбітшілік жолында жетістікке жетулері үшін қажет болғанша қолдау көрсетеміз», - деді.

 

Ресей президенті Владимир Путиннің Украинадағы халықты шабуылдармен тізе бүктіруді қалайтынын білдірген Бербок «Адамгершілік және қолдауымызбен бұл қатыгездікке қарсымыз. Өйткені олар да (Украина) Еуропадағы біздің барлығымыздың бостандығымызды қорғайды», - деп мәлімдеді.

 

Бербок Ресейдің бомбалауы нәтижесінде жылу қондырғысы мен электр желілерінің қирағанына назар аударып, украиндықтардың қысты жақсырақ шарттарда өткізулері үшін 170 миллион еуро көлемінде тағы бір шұғыл энергия көмегін бергенін атап өтті.

 

Германия министрі Ресейдің Украинадағы ұшқышсыз ұшақтарының шабуылдарына қарсы тұру үшін әлемдік деңгейде әуе қорғаныс жүйелерін сатып алуға күш салып жатқандарына тоқталды.

 

Украинаға келтірген миллиардтаған еуро шығынды Ресейдің төлеуі керек екенін айтқан Бербок: «Әйтпесе біз G7 ретінде қозғалыссыз қалдырылған Ресей мемлекеттік активтерінен алынған табыстарды пайдаланып, Украинаға 50 миллиард доллар көлемінде несие беруге дайын боламыз," – деді.

 

Бербоктың сапары қауіпсіздік мақсатында алдын ала хабарланбаған.

Германия Сыртқы істер министрі 2022 жылдың 24 ақпанында соғыс басталғаннан бері Украинаға сегізінші рет барды.



Ұқсас жаңалықтар