Израиль шабуылдары жалғасуда
Израиль армиясы Ливанның Сур қаласындағы денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлерін нысанаға алды.
Басқыншы Израиль әскері Ливанның оңтүстігін тағы нысанаға алды. Қанішер Израиль әскері Ливанның Сур қаласындағы Исламдық денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлерін нысанаға алды. Ислам денсаулық сақтау мекемесінің 4 алғашқы медициналық көмек қызметкері шабуылда қаза тапты.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген Ливанның Баалбек қаласы да қарқынды шабуылға ұшырады. Аймаққа жасалған 5 әуе шабуылында 7 адам қаза тауып, 14 адам жарақат алған.
2023 жылдың 8 қазанынан бері Израильдің Ливандағы шабуылдарынан қаза тапқандар саны 2867-ге өсті. Қайтыс болғандардың 178-і медицина қызметкерлері екені белгілі болды.
Израиль Бейруттың оңтүстік аймақтарын қайтадан нысанаға ала бастады. Бұл шабуылдармен Израиль күштері ливандықтарды қоныс аударуға мәжбүр етуде. Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі Набатияға эвакуация туралы ескерту жасады.
Ливан премьер-министрі Наджиб Микати Израильдің эвакуация шақыруларына наразылық білдірді. Микати Израиль армиясының ливандық бейбіт тұрғындарды өз қалаларын толығымен эвакуациялау туралы өтінішін «соғыс қылмысы» деді. Хизбулла Израиль шабуылдарына жауап берді. Израильдің солтүстік аймақтары зымыранмен нысанаға алынды.
Израильдің қатыгездігінен балалар ең көп зардап шегуде. Осы жағдайға назар аударған Біріккен Ұлттар Ұйымы ЮНИСЕФ балалар қорының атқарушы директоры Кэтрин Рассел Ливандағы соғыс балалардың өмірін түбегейлі өзгерткенін баса айтты.
Рассел «ұзақ уақыт травматикалық күйзеліске ұшыраған балалар өмір бойына жалғасатын ауруларға шалдығып, психологиялық қауіптерге ұшырауы мүмкін» деді.