Джо Байденнің кеңесшілері Израильге сапарға шығады
АҚШ президентінің кеңесшілері Израиль мен Хезболла арасында келісім орнатпақшы.
Америка Құрама Штаттары Президенті Джо Байденнің 2 кеңесшісі Хезболламен қақтығыстарды тоқтатып, келісімге келу мәселесін талқылау үшін осы аптада Израильге барады.
Израильдің "Walla" жаңалық сайты Байденнің Жоғарғы кеңесшісі Амос Хохштейн мен Ақ Үйдің Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыс және Солтүстік Африка бойынша координаторы Бретт Макгурктың бейсенбі күні Израильге сапарға шығатынын хабарлады.
Хохштейн мен МакГурктың Израиль мен Хезболла арасындағы қақтығыстарды тоқтататын және шекараның екі жағындағы қоныс аударған адамдардың үйлеріне қайтуына мүмкіндік беретін келісімге келу талпыныстарын Тель-Авив әкімшілігімен талқылайтыны айтылды.
Аты аталмаған лауазымды тұлғалар Израиль мен Хезболла арасындағы қақтығыстарды тоқтататын келісімнің "бірнеше апта ішінде" жүзеге асырылуы мүмкін екенін жеткізді.
Келісім аясында Хезболла мен Израиль арасында 60 күндік өтпелі кезеңнің басталуы көзделіп отыр.
Бұл кезеңде Хезболладан Ливанның оңтүстігіндегі ауыр қару-жарақтарын Литани өзенінің солтүстігіне, яғни Израиль шекарасынан алысқа ауыстыруы сұралады. Осымен бірге Ливан армиясының Израиль шекасына 8000 сарбаз орналастыруы және Ливанның оңтүстігін құрлықтан басып алған Израиль әскерлерінің де кезең-кезеңімен бұл өңірден шығуы жоспарлануда.
Егер осы қадамдар 60 күндік өтпелі кезеңде жүзеге асса, Израиль мен Хезболла арасында атысты тоқтату жарияланатыны айтылды.