«Таяу Шығыстағы жағдай адамгершіліктен айрылғанымызды көрсетеді»
Еуропа Одағының Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель Израильдің шабуылдарына байланысты мәлімдеме жасады.
Еуропа Одағының (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель «Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар біздің адамгершіліктен айрылғанымызды көрсетеді» деді.
«Біз үлкен өрттің алдында өмір сүріп жатырмыз. Газа мен Ливандағы соғыс тоқтатылмаса біз үлкен өртке себеп болатын ұшқынның шегінде өмір сүреміз», - деді Боррель испандық «RNE» мемлекеттік радиосындағы сұқбатында.
«Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ауыр гуманитарлық дағдарыстың Газада болғанын айтқан Боррель «Таяу Шығыста болып жатқан оқиғалар біздің адамгершілігімізден айрылғанымызды көрсетеді» деді.
Еуроодақтың жоғарғы өкілі Израильдің Иранның ядролық немесе мұнай нысандарына шабуыл жасауына қатты алаңдайтынын атап өтіп, Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату үшін «мәжбүрлеу шараларын» қолдануға шақырды.
Израильге қару сатуды тоқтатуға байланысты Еуроодаққа мүше әрбір ел өз шешімін беретінін және ортақ шешімнің жоқтығын айтқан Боррель: «Әр ел не орынды екенін шешеді, олардың шешімдеріне кедергі келтіре алмаймын. Оларға кеңес бере алмаймын. Испания, Италия және Франция қару сатуды тоқтату туралы шешім қабылдады. Бірақ басқалары әсіресе Германия әскери көмекті күшейтіп жатыр. Сондықтан ортақ ұстаным жоқ» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Cайлау нәтижелерін өзгерту туралы өтінішті қабылдамады
Конституциялық сот президент Саломе Зурабишвилидің талап арызын қанағаттандырмады.
Намибияда алғашқы әйел президент сайланды
Нетумбо Нанди-Ндаитвах Намибияның алғашқы әйел президенті атанды.