Израиль армиясы Газаның солтүстігіне шабуылдауда
22 адам қаза тауып, мыңдаған адам қамауда қалған аймаққа бірнеше күн бойы гуманитарлық көмек жеткізілмеген.
Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі Жибалияға шабуылдарды кеңейту аясында аймаққа қосымша сарбаздар жіберілгенін хабарлады.
Израиль армиясының жазбаша мәлімдемесінде жаяу әскерінен құралған сарбаздардың түнде Жибалиядағы шабуылдарға қатысқаны айтылды.
Израиль армиясының Газаның солтүстігіндегі Жибалия босқындар лагерінде палестиналықтар паналаған Біріккен Ұлттар Ұйымының мектебін нысанаға алуы салдарынан кеше 22 адам қаза тапты.
Израиль армиясы 6 қазан күні Газаның солтүстігіндегі Жибалия аймағына қайтадан құрлықтан шабуыл жасады.
Құрлық шабуылдарымен қатар әуеден бомбаланған Жибалия босқындар лагерінде мыңдаған бейбіт тұрғынның қамауда қалғаны білдірілді. Жибалия тұрғындарына бірнеше күннен бері азық-түлік пен судан тұратын гуманитарлық көмектің жеткізілмегені хабарланды.