Бүгін 17 қазан - Дүниежүзілік кедейшілікке қарсы күрес күні
1992 жылы Дүниежүзілік кедейшілікті жою күні БҰҰ тарапынан бекітілді.
Бүгін 17 қазан - Дүниежүзілік кедейшілікке қарсы күрес күні
1987 жылы 17 қазанда Францияның астанасы Парижде кедейшілікті «адам құқықтарының бұзылуы» деген үндеумен жиналған топтың кедейшілікке қарсы әрекетке шақыруы бүкіл әлемге әсер етті.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) осы жағдайды негізге алып, 1992 жылы 17 қазанды «Дүниежүзілік кедейшілікті жою күні» ретінде атап өту туралы шешім қабылдап, барлық елдерді кедейшілікпен күресуге шақырды.
Жыл сайын 17 қазанда БҰҰ аясында кедейшілікке қарсы хабардарлықты арттыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылады. БҰҰ-ның биылғы Дүниежүзілік кедейшілікке қарсы күнінің тақырыбы «Әлеуметтік және институционалдық қатігездікті тоқтату» болды.
Кедей адамдар өздерінің жағдайына және сыртқы келбетіне байланысты шетқақпайлыққа ұшырайды. Мекемелер бұл мәселеге байланысты шара қолданбай, адамдарды елемейді. Шешім қабылдау жүйесіне қатыса алмайтын бұл адамдар физикалық, рухани және эмоционалдық тұрғыдан өздерін дәрменсіз сезінеді.
Сонымен қатар Халықаралық валюта қорының 2024 жылғы сәуірдегі «Әлемдік экономикалық болжам» баяндамасындағы деректерге сәйкес, ең кедей 10 елдің 9-ы Африка құрлығында болса, алғашқы үштікте Бурунди, Оңтүстік Судан және Малави орналасқан.
Бұл елдерден кейін Йемен, Сьерра-Леоне, Орталық Африка Республикасы, Мадагаскар, Судан, Мозамбик және Нигер бар.
Ұқсас жаңалықтар
Сириядағы өтпелі кезең бұрынғы қылмыстар үшін «жауапкершілікті» қамтамасыз етуі керек
Бұл туралы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі басшысы Фолькер Тюрк мәлімдеді.