Израиль БҰҰ Миссиясын қорқытты
Көптеген мемлекет Израильден UNIFIL нысандарына шабуылдарын дереу тоқтатуды талап етті.
Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Біріккен Ұлттар Ұйымының Ливандағы Уақытша Миссиясын (UNIFIL) Ливанның оңтүстігінен шығару үшін қорқытты.
Нетаньяху жариялаған бейне хабарламасында Израиль армиясының Ливандағы UNIFIL күштерін нысанаға алуы жөнінде түсініктеме берді.
UNIFIL-дің Израильдің шығу "талабына құлақ асуы" керек екенін атап өткен Нетаньяху "Израиль UNIFIL қызметкерлеріне әдейі шабуыл жасады" деген айыптың мүлдем жалған екенін айтты.
Нетаньяху «Хезболла» UNIFIL нысандарын және бекіністерін қорғаныс ретінде пайдаланды деп мәлімдеп, UNIFIL күштерінің оңтүстікке шығуы жөніндегі қорқытуын қайталады.
Беньямин Нетаньяху кеше Израиль армиясының UNIFIL-ді нысанаға алуынан кейін UNIFIL күштерінің Ливанның оңтүстігінен шығу туралы ескерту жасаған болатын.
Көптеген мемлекет Израиль армиясының UNIFIL нысандарына шабуыл жасағанына алаңдаушылық білдіріп, Израильден бұл әрекеттерді дереу тоқтатуын талап етті.
UNIFIL 10 қазанда Израиль армиясының бақылау мұнарасын нысанаға алуы нәтижесінде екі аскердің жараланғанын хабарлаған.
Кеше Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі UNIFIL нысандарына шабуыл жасап, нысанның есіктерін танктермен қиратқан болатын.