Йеменде 22 миллионнан астам адам көмекке мұқтаж
Соғыс және қолайсыз ауа райы салдарынан зардап шеккен Йемен қиын жағдайда қалды.
Йеменде 2024 жылдың басынан бері қарулы қақтығыстар мен қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты шамамен 490 мың кісі босқынға айналды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қорының (UNFPA) 2024 жылының қаңтар-қыркүйек есептемесін Йемен басқармасы жариялады. Бұл құжатта Йеменде 2024 жылдың 1 қаңтарынан бері қарулы қақтығыстар мен қолайсыз ауа райы жағдайларынан 489 мың 545 адам босқынға айналғаны айтылды.
Бұл адамдардың 93,8 пайызы климаттық дағдарыстардан қатты зардап шексе, 6,2 пайызы қақтығыстарда қаза тапқан.
UNFPA жетекшілік ететін жедел әрекет ету механизмі елдің 20 провинциясындағы босқындардың 86,5 пайызына шұғыл көмек көрсетті.
Йеменде тамыз айының басынан бері жалғасып келе жатқан тоқтаусыз жаңбырлар ондаған адамның қаза табуына және көптеген тұрғынның, әсіресе лагерьлерде тұрған бейбіт тұрғындардың зардап шегуіне себеп болды. Тамыз айының басынан бері болған су тасқынынан 210-ға жуық адамның қаза тапқаны мәлімденді.
Ең кедей елдердің бірі Йеменде 10 жылға жуық уақыттан бері жалғасып келе жатқан азаматтық соғыс салдарынан ұлғайған гуманитарлық дағдарыс қорқынышты деңгейге жетті.
БҰҰ мәліметі бойынша, 30 миллиондық елдің 22 миллионнан астамы қазір көмек пен қорғауға мұқтаж ахуалда.
Ұқсас жаңалықтар
Калифорнияда мыңдаған адам эвакуацияланды
АҚШ-тың Калифорния штатында орман өртінің себебінен мыңдаған адам эвакуацияланды.