Ресей шекарасына сым қоршау салынады

Бұл туралы Норвегия Әділет министрі мәлім етті.

2193460
Ресей шекарасына сым қоршау салынады

Норвегия Әділет министрі Эмили Энгер Мель  заңсыз босқындардың алдын алу үшін Ресей шекарасына сым қоршау салуды жоспарлағандарын мәлімдеді.

Әділет министрі Мель Норвегиядағы «NRK» радиосына осы мәселе бойынша мәлімдеме жасады. Министр  Норвегия үкіметінің елге заңсыз босқын кіруіне жол бермеу, қауіпсіздікті арттыру үшін Ресей шекарасына сым қоршау орнату және шекарада кезекшілік ететін күзетші санын арттыру сияқты түрлі шараларды қолға алғанын мәлімдеді.

Тек сым қоршаудың тосқауыл болмайтынын айтқан Мель сымдарда адамдардың шекараға жақындағанын анықтайтын сенсорлардың болатынын атап өтті.

Өткен жылы Финляндия НАТО-ға мүше болғаннан кейін Ресей арқылы елге қажетті құжатсыз 1300-ден астам мигрант кірген. Осыдан кейін Хельсинки әкімшілігі 28 қарашада Ресеймен құрлықтағы шекараны жапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар