Израиль Дамаскіге шабуыл жасады
Шабуылда 3 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 тұрғын жараланды.
Израильдің түнде Дамаскіге жасаған әуе шабуылынан көптеген адамның қаза тапқаны хабарланды. Бұл туралы Сирияның «SANA» ақпарат агенттігі хабарында «Біздің қорғаныс жүйелеріміз дұшпанның әуе шабуылына қарсы бүгін түнде үшінші рет қарсы соқтығысуда» делінген.
«SANA» агенттігінің әскери дереккөзге негізделген басқа бір хабарында Израильдің бас қалаға шабуылдары жергілікті уақыт 02.05-те соғыс және ұшқышсыз ұшақтармен жасағаны алға тартылды. Хабарда «Әуе қорғаныс жүйелері зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтарға төтеп беріп, көпшілігін атып түсірді. Шабуылда 3 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 тұрғын жараланды. Материалдық шығын бар» делінген. Сонымен қатар режим ақпарат құралдары Сирия мемлекеттік телеарнасының жүргізушісі Сафа Ахмедтің шабуылда қаза тапқанын жариялады.
«Дамаск FM» арнасындағы хабарда Меззедегі шабуыл салдарынан өрт шыққаны білдірілді. Израиль шабуылға қатысты мәлімдеме жасамады.
Иранның Сириядағы елшілігі Израильдің нысанасындағы Меззе аймағында орналасқан. Израиль 1 сәуірде Дамаскідегі Иран консулдығы ғимаратына әуе шабуылын жасап, шабуылда Иран төңкеріс сақшылары армиясының 2 генералы және 7 ирандық ресми өкіл қаза тапқан еді. Дамаск және оның ауылдық аймақтарында Сирия армиясы мен Иранды қолдайтын лаңкестік топтардан бөлек Ливандық Хизболла жақтастарының да бар екені белгілі.
Израиль 2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері Сирияда Иранды қолдайтын топтар мен Сирия армиясының әскери пункттеріне шабуылдар жасап келеді.