"Хизбулла" ұйымынан мәлімдеме

Насралланың орнына Хашим Сафиюддин сайланды деген ақпаратты жоққа шығарды.

2192849
"Хизбулла" ұйымынан мәлімдеме

«Хизбулла» Израиль шабуылында қаза тапқан бас хатшы Хасан Насралланың орнына Хашим Сафиюддин сайланды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Хизбулла жасаған жазбаша мәлімдемеде қозғалыстың бас хатшылығына қатысты кейбір баспасөз және ақпарат құралдарында жарияланған хабардың еш маңызы жоқ екені атап көрсетілді. «Біздің бас хатшымыз (Насралла) шейіт болғаннан кейін «Хизбулла» басқаратын ұйымдастырушылық процедураларға кейбір БАҚ-та тараған жаңалықтардың мүлдем қатысы жоқ екенін түсіндіргіміз келеді», - делінген хабарламада.

Мәлімдемеде қозғалыс басшылығының бұл мәселе бойынша жұмысын жалғастырып жатқанына назар аударылып, «Хизбулла басшылығы ресми мәлімдеме жасамайынша, бұл бағыттағы жаңалықтарды есепке алмауға» шақырды.

«Хизбулла» ұйымының бас хатшысы Хасан Насралла 27 қыркүйекте Израиль армиясының Ливан астанасы Бейрутке жасаған әуе шабуылында қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар