БҰҰ Ливан үшін шұғыл жиналады
ҚК-нің шұғыл отырысы жұма күні Түркия уақытымен 22:00-де өтеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі (БҰҰ ҚК) жұма күні Ливандағы оқиғаларды талқылау үшін шұғыл отырыс өткізеді.
ҚК төрағасы Словения Алжирдің шұғыл жиналыс өткізу туралы өтінішін қабылдағанын мәлімдеді.
Осыған сәйкес ҚК-нің шұғыл отырысы жұма күні Түркия уақытымен 22:00-де (жергілікті уақыт бойынша 15:00-де) өтеді.
Пейджерлер мен рациялардың жарылуы
Сейсенбі күні Ливанда Хизбулла пайдаланған пейджерлерде бір мезгілде жарылыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігі жарылыс салдарынан екеуі бала, барлығы 12 адамның қаза тапқанын, 300-і ауыр 2800-ге жуық адамның жараланғанын хабарлады.
Елде кеше де радиобайланыс құралдарының жарылуы салдарынан 20 адамның қаза тапқаны, 450-ден астам адамның жараланғаны туралы хабарланды.
Ливан билігі оқиғаларға байланысты Израильді кінәлап отыр, бірақ Израиль бұл туралы әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.