Ллойд Остин Израильге барады
Ллойд Остиннің 22-23 қыркүйек күндері Израильге баруы жоспарланған.
Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің Хизбулламен туындаған шиеленісті талқылау мақсатында Израильге сапармен баратыны хабарланды.
АҚШ-тың "Axios" ақпараттық платформасының мәліметінше, Ллойд Остиннің 22-23 қыркүйек күндері Израильге баруы жоспарланған.
Аты аталмаған израильдік және америкалық шенеуніктерге сілтеме жасалған хабарда Остиннің сапары барысында Хизбулламен арадағы шиеленіс негізгі тақырып болатыны айтылған.
8 қазаннан бастап Израиль әскері мен Хизбулла арасында шекарада қақтығыстар болуда.
Кеше Израильдің Ливандағы байланыс құрылғыларына кіріп, оларды жаруы шиеленістің одан әрі ушығуына себеп болды деп хабарланды. Тель-Авив билігінің Ливанға ауқымды шабуыл жасау мүмкіндігі туралы ақпараттар көбейіп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Грузия азаматтары енді Ресейге визасыз барады
Грузия азаматтары Ресейге визасыз саяхат жасай алатын болады.