Белгород облысына зымыран шабуылы жасалды

РФ-ның Белгород облысы губернаторы Вячеслав Гладков мәлімдеме жасады.

2187748
Белгород облысына зымыран шабуылы жасалды

РФ-ның Белгород облысы губернаторы Вячеслав Гладков зымырандық шабуылдың алдын алу кезінде зымыран бөлшектерінің құлауы салдарынан Белгородтағы автокөліктер мен тұрғын үйлердің өртенгенін, оқиғада зардап шеккендер бар екенін хабарлады.

Губернатор «Алғашқы мәліметтерге қарағанда сегіз бейбіт тұрғын жарақат алған. Жаралылардың бірінің жағдайы өте ауыр. Басқа жаралылар ауруханада емделуде» деді.

Зардап шеккендер Белгородтағы емдеу мекемелеріне жеткізілді.

Гладков 1 жекеменшік үй мен 15-тен астам көліктің өртенгенін білдірді. Төрт жеке үйдің әйнектері сынып, шатырлары қираса, газ жүйелеріне үлкен зақым келді.

Telegram арнасы оқиға орнында өртеніп жатқан үйлер мен көліктердің бейне көріністерін жариялады.

Белгород облысында зымыран шабуылы қаупі себепті дабылы қағылып, қаланың әртүрлі аудандарында бірнеше жарылыс болды.



Ұқсас жаңалықтар