Мьянмада су тасқыны
Нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынында 11 адам қаза тапқан.
Мьянмада 10 қыркүйектен бері жалғасқан жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан 11 адам қаза тапты. «The Irrawaddy» газетінің хабарлауынша Вьетнамда болған «Яги» тайфуны Мьянмада нөсер жаңбырға себеп болды.
Мьянма өртке қарсы қызмет департаментінің мәлімдемесінде нөсер жаңбыр салдарынан болған су тасқынында 11 адамның қаза тапқаны хабарланды.
«Кейбір аймақтардағы елді мекендерді су басып, зардап шеккен аймақтарда эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Су тасқыны салдарынан ондаған мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Су тасқыны көлік қатынасын қиындатты. Кейбір елді мекендерге көлік қатынай алмайды» делінген мәлімдемеде.
Ұқсас жаңалықтар
Иран Сыртқы істер министрі Ливанға барды
Сапар барысында Иранның 10 тонналық гуманитарлық көмегі жеткізіледі.