БҰҰ Бас хатшысы реформа жасауға шақырды

Гутерриш "БҰҰ болашақтың саммиті жаһандық үндеуі" шарасына онлайн қатысты.

2186888
БҰҰ Бас хатшысы реформа жасауға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтетін «Болашақтың саммиті» алдында жаһандық институттарды реформалау маңызды екенін мәлімдеді.

Гутерриш "БҰҰ болашақтың саммиті жаһандық үндеуі" онлайн шарасына бейне үндеу жіберді.

"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарихта қалды. Халықаралық деңгейде тиімсіз және жарамсыз" деген Гутерриш қазіргі халықаралық жүйенің көптеген мәселені шешуге жеткіліксіз екеніне назар аударды.

Гутерриш «Болашақтың саммиті» күшті «көпжақты жүйе» құру мүмкіндігін білдіреді» деп мәлімдеді.

Жаһандық мекемелерді реформалаудың маңызды екенін атап өткен Гутерриш болашақ ұрпақ үшін жаһандық ынтымақтастықтың қажет екенін білдірді. Ол БҰҰ-н да жаңа дәуір сын-қатерлеріне қарсы тұру үшін «жаңарту» қажет екенін атап өтті.

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында «Болашақтың саммиті» 22-23 қыркүйекте өтеді.  Саммитте  190-нан астам елдің басшылары сөз сөйлейді.



Ұқсас жаңалықтар