Иорданиямен шекараға қабырға салады
Премьер-министр Нетаньяху 8 қыркүйекте 3 израильдік қаза тапқан «Король Хусейн» шекара қақпасын тексерді.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Иорданиядан қару-жарақ пен адам контрабандасының алдын алу үшін шекараға қабырға тұрғызуды жоспарлап отырғанын айтты.
Премьер-министр Нетаньяху 8 қыркүйекте 3 израильдік қаза тапқан «Король Хусейн» шекара қақпасын тексерді.
Осында мәлімдеме жасаған Нетаньяху "Біз көп жақты қақтығыстың ортасында тұрмыз және бұл жағдайда Иорданиямен шығыс шекарамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Бұл бейбітшілік шекарасы, сондықтан Иорданиямен ынтымақтасамыз» деді.
Ол қару-жарақ пен адамдардың Иордания арқылы Батыс Шерия мен Израиль қалаларына тасымалдануының артқанын алға тартты. Осыны тоқтату үшін барлық тараптармен ынтымақтасатындарын айтты.
Израиль премьер-министрі Нетаньяху сөзін былай жалғастырды: «Біз мұнда контрабанда әрекеттеріне қарсы берік қабырға тұрғызу үшін жұмыс істейміз және мұны көршілерімізбен үйлесе отырып жасаймыз. Біз үшін бұл шекаралардың бейбітшілік пен қауіпсіздік шекарасы болып қалуын қамтамасыз ету маңызды».
Ұқсас жаңалықтар
Кипр тараптары 15 қазанда кездеседі
БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Кипр тараптарының кездесуі туралы хабар берді.